KZ
Өскемен
+3°
ясно Штиль
500.32 545.3 6

«Ауыл аманаты» аясында биыл 400-ден астам жұмыс орны ашылады – ШҚО

Кеше, 11:55 94 Әбішев Ержан

«Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсіп бастау үшін облыс тұрғындарына 445 микрокредит беріледі. Бұл 400-ден астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2024 жылы Шығыс Қазақстанда аймақтық жұмыспен қамту картасы шеңберінде 32 435 жұмыс орны ашылып, жылдық жоспар 101%-ға орындалды.

– «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындарына 1 250 несие беру және 1 326 жұмыс орнын құру жоспарланған болатын, – деді ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова облыстық әкімдікте өткен жиында. – Қазіргі кезде 1 миллиард теңге көлемінде 72 микрокредит берілді.

2025 жылы өңірде 28 631 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр, оның ішінде 19 477-сі тұрақты, 9 184-і уақытша жұмыс орындары болмақ.

– «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 149 тұрақты жұмыс орны ашылады, – деп қосты Альмира Мусинова.

Бұған дейін бұл бағдарлама аясында жұмыс орындары ашылмаған болатын.

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша ШҚО тұрғындарына жалпы 3 миллиард теңге көлемінде 445 микрокредит беріледі, бұл 483 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу