KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

2024 жылы ауыл тұрғындарына 16,7 мың микрокредит беріледі

Фото: ser-per.kz

26.03.2024, 22:11 132 Айжанат Бақытқызы

2024 жылға 16,7 мың микрокредит беру жоспарымен 100 млрд теңге бөлу көзделген. Бұл ауылда 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабынан белгілі болды, деп хабарлайды  Altainews.kz сайты Informburo.kz порталына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Үкімет ауыл халқының табысын арттыруға қатысты «Жайлы мектеп», «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту», Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы, «Бір ауыл – бір өнім», «Ауыл – Ел бесігі» және тағы басқа бағдарламалық құжаттардың ережелері интеграцияланған Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын қабылдап, іске асырып жатыр. Сондай-ақ, ауыл халқының табысын арттыру үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда. 

-    Бағдарлама шеңберінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін кредит беру (8 мың АЕК-ке дейін) көзделген, бұл ауыл шаруашылық техникасын, қажетті жабдықтарды сатып алу, өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі шағын цехтарды ашу бойынша ынталандыру болады. Бағдарлама бойынша 2023 жылы 74,8 млрд теңге сомасына 12,1 мың микрокредит берілді, оның 5,8 млрд теңге кредит қаражатын 287 ауыл шаруашылығы кооперативі алды. 2024 жылға 16,7 мың микрокредит беру жоспарымен 100 млрд теңге бөлу көзделген, бұл ауылда 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, – делінген Олжас Бектеновтың жауабында. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу