KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
500.32 545.3 6

Шығыста жұмыспен қамту 101%-ға орындалып отыр 

Кеше, 11:47 121 Төлеуғазы Жансая

2024 жылы Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 32 103 жұмыс орнын құру жоспарланған болатын. Оның 23 671-і тұрақты, ал 8 432-сі уақытша жұмыс орны ретінде қарастырылған. Алайда іс жүзінде 32 435 жаңа жұмыс орны ашылып, оның 21 437-сі тұрақты, 10 998-і уақытша болды. Бұл жоспардың 101%-ға орындалғанын көрсетеді.

Бұл туралы ШҚО әкімдігіндегі отырыста ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

“Өңірдегі еңбек нарығын дамытуға басымдық берілді. Жұмыс орындарын құру көрсеткіші жылдық жоспардан асып түсті. Бұл – мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асқанының айқын дәлелі. Алдағы жылы бұл қарқынды сақтап, халықты жұмыспен қамтудың жаңа мүмкіндіктерін қарастырамыз”, – деді ол.

Өткен жылы тұрақты жұмыс орындарын құру жоспары 75%-ға орындалып, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда 12 063 тұрақты жұмыс орны ашылған болатын. Ал субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 9 436 адам еңбекпен қамтылып, жоспар 139%-ға асыра орындалды.

“Біз жұмыс орындарын құруда өңірдің экономикалық ерекшеліктерін ескереміз. Тұрақты жұмыс орындарының үлесін арттыру – басты міндетіміз. Биыл өңірлік кәсіпорындарда жұмыс орындарының артуы осы бағыттағы жұмыстың жүйелі жүргізіліп жатқанын көрсетеді”, – деп атап өтті Альмира Мусинова.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу