KZ
Өскемен
-3°
снег жел 5 м/с, ОШ
504.49 587.73 6.57

ШҚО-да биыл 28 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

19.03.2025, 11:50 349 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында 2025 жылы 28 631 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның 19 447-сі тұрақты, ал 9 184-і уақытша болмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова жұмыспен қамту саясаты жаңа деңгейге көтерілетінін атап өтті.

– 2025 жылы тұрақты жұмыс орындарының санын арттыруға ерекше мән беріледі. Бұл, әсіресе, инфрақұрылымдық жобалар мен кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады, – деді ол.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 8 379 тұрақты жұмыс орны, ал өңір кәсіпорындарында 10 000 тұрақты жұмыс орны ашылмақ.

Сонымен қатар, 142 инфрақұрылымдық және инвестициялық жоба іске қосылып, 1 813 жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Оның ішінде 436-сы тұрақты, 1 377-сі уақытша жұмыс орны.

- Жол құрылысы, ауыл шаруашылығы, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жұмыс орындарын құруға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл, әсіресе, халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді, – деді басқарма басшысы.

Жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында облыста инфрақұрылымдық жобаларға, шағын және орта бизнесті қолдауға басымдық берілмек.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу