KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

ШҚО-да ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін сегіз жаңа субсидияланатын жұмыс орны пайда болады

Фото: ЖИ

Бүгін, 15:08 19 Айжанат Бақытқызы

Облыстық әкімдік отырысында ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова арнайы жұмыс орындарын құру жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Altainews.kz. тілшісі.

«Өңірде мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстан-Американдық еркін университетімен бірлесіп, талаптарға сәйкес ерекше санаттағы қызметкер үшін арнайы жұмыс орны құрылды. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін 3,1 млн теңгеге ALMAZ көпфункционалды кешенін сатып алдық. Оның ішіне микролифтілі және биіктігі реттелетін үстел, моноблок, FM таратқышы және FM қабылдағышы бар радио класс кіреді. Бүгін бізде жыл соңына дейін тағы сегіз жұмыс орнын ашуға қаражат бар», - деді Альмира Мусинова.

Өңір басшысы Ермек Көшербаев бұл қаражатты облыс аудандарына бөлуді тапсырды. Осылайша, мүгедектігі бар адамдарға арналған екі жұмыс орнынан Зайсан, Шемонаиха және Ұлан аудандарында және бір орын Өскемен қаласында ашылуға тиіс. Облыс әкімі атқарылған жұмыстар туралы 15 желтоқсан күні есеп беруді тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив