KZ
Өскемен
-3°
ясно жел 1 м/с, С
502.83 545.37 5.95

Өскеменде «Наурызнама» онкүндігі аясындағы спорттық жарыстар басталды (видео)

Кеше, 13:35 85 Әбішев Ержан

Бүгін Ұлттық спорт түрлері күніне орай Өскемен қаласында спортшылар, көрермендер мен мәдени мұра жанашырлары бас қосты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазақ халқының дәстүрлі ойындарына арналған жарыстар Республика алаңында, бас киіз үйдің жанында ұйымдастырылды. Жарыстар бірнеше бағытта өтуде: бестас пен тоғызқұмалақ – логика, стратегиялық ойлау және төзімділік талап ететін зияткерлік ойындар,
қазақша күрес – қарсыласқа құрметпен қарауға, күш пен төзімділікке баулитын ұлттық күрес түрі.

– Бізде үш бағыт бойынша сайыс өтуде: бестас, тоғызқұмалақ және қазақша күрес. Қазақша күреске тоғыз салмақ дәрежесінде спортшылар қатысуда. Қазір ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылықты жандандыру және кеңінен насихаттау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Алдағы уақытта бұл бағытта әлемдік деңгейге шығамыз деп сенемін, – деді Өскемен қалалық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің басшысы Диас Ерланұлы.

Ұлттық спорт түрлері – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі. Бұл жарыстар тарихи дәстүрді сақтауға, бәсекелестік рухын қалыптастыруға және жастардың өзін-өзі тануына ықпал етеді.

Көрермендер жарысты қызығушылықпен тамашалап, қатысушылар ұлттық ойындардағы шеберлігін паш етті. Бұл – дәстүрлі спорт түрлерінің маңыздылығы мен өміршеңдігін дәлелдейді.

«Наурызнама» онкүндігі аясындағы спорттық және мәдени шаралар ұлттық мәдениет тірі тарих екенін, оны сақтау мен кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңызды екенін еске салады.

Фото/видео: Ермек Жиенбеков

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу