KZ
Өскемен
+1°
небольшой дождь жел 7 м/с, СБ
502.83 545.37 5.95

Австриялық меймандар қазақтың қонақжайлығына тәнті болды (видео)

Кеше, 16:15 69 Гульжан Мусина

 

Үлкен Нарын ауданында Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған Көкпар жарысы халықаралық қонақтардың назарын аударды. Австриядан келген туристер бұл шараға арнайы қатысып, ұлттық ат спортының ерекше тартысын тамашалады.  

Наурыздың Ынтымақ күні аясында өткен бұл шара мәдени ынтымақтастық пен туризмді дамыту бағытында маңызды қадам болды. Австриялық меймандар қазақ халқының қонақжайлығына тәнті болып, Көкпардың ерекше атмосферасын сезінді. Орталық Азияны аралап жүрген саяхатшылар Қазақстанның бай мәдени мұрасымен және әсем табиғатымен танысқандарына ризашылықтарын білдірді.  

Туристер ұлттық тағамдардан дәм татып, жергілікті тұрғындармен жақын танысты. Олар Наурыз мерекесінің шынайы рухын сезініп, Қазақстан халқына ізгі тілектерін жолдады.  

Австриялық қонақтар бұл сапардың өздеріне ұмытылмас әсер қалдырғанын айтып, қазақ мәдениеті мен дәстүріне деген қызығушылықтарының артқанын жеткізді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу