Туристер топталып жиі басатын ескі австриялық жол қайта жөнделмек - ШҚО
ШҚО әкімдігінің кезекті отырысында туризмді дамыту және көлік инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері қарастырылды. Жиында ескі австриялық автомобиль жолын қалпына келтіру жөнінде айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР Премьер-Министрінің 2024 жылы ШҚО-ға іссапары барысында берген тапсырмасына сәйкес, Урунхайка ауылынан «Өскемен – Рахман қайнарлары» жолына дейінгі ескі австриялық автомобиль жолын жөндеу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін босалқы жерлерге ауыстыру мәселесі қарастырылуда.
Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2025 жылғы бюджетті нақтылау барысында жер бөлу жобасын әзірлеуге бюджетке өтінім бермек. Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-пен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Бұл жоба өңірдің туристік әлеуетін арттырып, инвестиция тартуға мүмкіндік береді.
Фото: Махаббат Ахметжанова