KZ
Өскемен
-40°
туман жел 1 м/с, В
512.16 594.72 6.57

Өскеменде қарақұмық, күріш, сәбіз және жұмыртқа арзандады

Фото: ЖИ

26.03.2025, 14:30 434 Төлеуғазы Жансая

Өскеменде бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді. Ең көп арзандаған – қарақұмық, оның бағасы 20,8%-ға төмендеген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың 12 наурызынан 2025 жылдың 18 наурызына дейін қалада салмақты күріш 6,3%-ға, сәбіз 1,6%-ға, ал 1-санаттағы жұмыртқа 19,5%-ға арзандаған.

Алайда осы аралықта сиыр еті, пияз, ақ қауданды қырыққабат, күнбағыс майы және басқа да кейбір өнімдердің бағасы көтерілді. Бағасы ең көп қымбаттаған өнім – картоп, оның құны 97,2%-ға өскен.

Елизавета Седых

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу