ШҚО-да қоғамдық тәртіп бұзған жүздеген адам жауапқа тартылды
Фото: pexels.com
Шығыс Қазақстан облысында былтыр қоғамдық орында бейәдеп сөйлеген 764 адам, түкірініп ортаны ластаған 254 адам жауапкершілікке тартылды.
Бейәдеп сөйлегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады не бестен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Азаматтардың қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу деректері – арыз және куәгерлердің түсініктемелері арқылы, интернет желісіндегі бейне-роликтермен дәлелденеді.
Азаматтардың ортақ пайдаланатын орындарды ластау деректері – арыз және куәгерлердің түсініктемелері, интернет желісін мониторинг жүргізу арқылы анықталады. Аталған құқық бұзушылықтар көбінесе Өскемен қаласында орын алған.