KZ
Өскемен
-9°
туман жел 2 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Өскеменде куәлігі жоқ жүргізуші ұсталды

Фото: mosavtoshkola.org

28.01.2024, 12:24 99 Ынтымақ Толқын

Облыс орталығында жүргізуші куәлігінен айырылған жүргізуші ұсталды.


Құқық бұзушының көлігі айыппұл тұрағына қойылып, іске қатысты материалдар әкімшілік сотқа жіберілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


ШҚО ПД ППБ қызметкерлері 26 қаңтарда қала көшелерін түнгі патрульдеу кезінде заң бұзған жүргізушіні анықтаған. 


Шетелдік маркалы көлікті тізгіндеген 27 жастағы облыс тұрғынының құжаттарын тексеру барысында, оның 2023 жылдың наурызында көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғандығы анықталған. 


Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК - нің 612 - баб 4-1-бөлігі бойынша - "әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл не он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу көзделген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу