KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, В
503.15 543.3 5.93

Шығыс Қазақстан облысы IQanat картасында: 280 ауыл баласы арманына қадам жасады

28.03.2025, 16:00 228 Гульжан Мусина

IQanat Олимпиадасы Қазақстан өңірлерін қамтуды жалғастыруда, енді интеллектуалдық жарысқа Шығыс Қазақстан облысы қосылды. Бірінші турдан сәтті өткен өңірдің 280 ауыл оқушысы бүкіл Қазақстан бойынша 1000 финалист қатарына ену үшін үш күн ішінде тестілеуден жарысады.

Биылдың басты ерекшелігі – Peer-to-Peer жобасы. IQanat Олимпиадасы білім байқауы ғана емес, енді білім берудегі тәлімгерлік алаңына айналып, жаңа мазмұнға ие болды. Енді жоғары сынып оқушылары мен IQanat түлектері төменгі сынып оқушыларына тәлімгер (тьютор) болып, олардың мектеп бағдарламасы бойынша жетіспей жатқан білімдерін көтеруге көмектеседі.

Айта кетейік, емтихан процесінен бөлек, оқушылар ынталандыру тренингтеріне, квесттерге, командалық ойындарға және дамытушы шараларға қатысады. Балаларға 11 тьютор және IQanat жобасының 7 қатысушысы көмектесіп, олардың өз әлеуетін ашуына және алдағы академиялық міндеттерге дайын болуына ықпал етеді.

IQanat Олимпиадасы жыл сайын ауылдардың 50 000-нан астам 8-сынып оқушысын қамтиды. Олардың 70 пайызы әлеуметтік тұрғыда осал отбасылардан шыққан. IQanat – жай жарыс қана емес, ол Nazarbayev University, University of Chicago, Purdue University сынды Қазақстан және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге арналған үш жылдық сапалы дайындықтың мүмкіндігі.

Екінші тур қорытындысында бүкіл ел бойынша 1000 финалист іріктеледі. Олардың бір бөлігі Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатында оқу мүмкіндігіне ие болса, басқалары олимпиададан кейінгі үш жылдық тегін қолдау бағдарламасына енеді. Оның аясында балалар ҰБТ-ға, халықаралық емтихандарға интенсивті дайындалып, ағылшын тілін ІТ дағдыларды және кәсіпкерлік негіздерін меңгереді.

IQanat Олимпиадасы – білім сынағы ғана емес, сонымен бірге болашақ көшбасшыларға арналған ұмытылмас тәжірибе, шабыт пен жаңа мүмкіндіктер!

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу