KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 8 м/с, В
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

IQanat олимпиадасы: екінші кезең 26 наурызда өтеді

Фото: Жасанды интеллект

Бүгін, 11:30 76 Гульжан Мусина

26 наурызда Өскемен қаласында ауыл оқушыларына арналған IQanat республикалық олимпиадасының ІІ туры өтеді. Бұл білім сайысында Шығыс Қазақстан облысының 309 оқушысы бақ сынайды. Жалпы, еліміз бойынша осы кезеңде 10 мыңға жуық бала өз білімдерін дәлелдеуге мүмкіндік алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

IQanat олимпиадасы – әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды қолдауға бағытталған жоба. Биылғы қатысушылардың 70%-дан астамы осындай отбасылардан шыққан. Оның ішінде 91%-ы көпбалалы, 13%-ға жуығы толық емес, 4%-ы әрі көпбалалы, әрі толық емес отбасылардан.
Олимпиаданың екінші туры пәндік білімді бағалауға арналған. Оқушылар математика, физика, химия, биология, Қазақстан тарихы және география пәндерінен тест тапсырады. Финалға 1000 үздік оқушы өтеді, олардың бір бөлігі Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатына тегін оқуға қабылданса, қалғандары үш жылдық қолдау бағдарламасына қатысып, ҰБТ-ға, халықаралық емтихандарға дайындалады. Сондай-ақ олар ағылшын тілін меңгеріп, ІТ дағдыларын, soft skills және кәсіпкерлік негіздерін үйренеді.

IQanat бағдарламасының жоғары академиялық деңгейінің арқасында оның түлектерінің 90%-ы Қазақстан мен шетелдің үздік университеттеріне грант негізінде оқуға түсуде. Бүгінгі таңда жоба түлектері әлемнің 15 елінде білім алып жатыр.
IQanat – 150-ден астам отандық кәсіпкер қолдау көрсететін әлеуметтік-білім беру жобасы. Бұл бастама ауылдық жерлердегі дарынды балалардың білім алуындағы қаржылық және әлеуметтік кедергілерді жоюға бағытталған.

Олимпиаданың өтетін уақыты мен орны: 26 наурыз, сағат 09:00. Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 10.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу