KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
504.34 556.34 5.97

ONAY! жүйесі: жеңілдік карталарын қалай алуға болады?

2.04.2025, 07:30 157 Төлеуғазы Жансая

ONAY! жүйесі іске қосылғаннан кейін жеңілдік иелеріне бастапқы карталарды беру ONAY! интеграторы есебінен тегін жүзеге асырылады. Алдағы уақытта бастапқы карталарды шығару белгіленген тарифтер бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

Жеңілдік картасын алу үшін тұрғындар мына талаптарды орындауы керек:

    •    Зейнеткерлерге (70 жастан асқан): Жеке куәлік, зейнетақы куәлігі, 3x4 фото және Өскемен қаласында тіркеу қажет.
    •    Басқа жеңілдік санатындағы тұлғаларға: Жеке басын куәландыратын құжат, жеңілдік алу құқығын растайтын құжат және 3x4 фото қажет.

Карталар аптасына екі рет беріледі.

Жеңілдік карталарын алу үшін қалада төрт орталық жұмыс істейді:

    1.    ONAY! халыққа қызмет көрсету орталығы – Шәкәрім даңғылы 171.
    2.    Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – Шәкәрім даңғылы 149/10.
    3.    Жастар ресурстық орталығы – Жібек Жолы көшесі 3.
    4.    Жолаушылар тасымалын басқару орталығы – Қазақстан көшесі 154.
Жұмыс уақыты: 8:00-ден 17:00-ге дейін.

Сонымен қатар, зейнеткерлерге арналған қосымша орталықтар да қарастырылған:

    •    Сәтбаев даңғылы 36.
    •    Пахомов көшесі 8 (үйдің кері жағына кіру).
    •    Антон Чехов көшесі 68.
    •    Буров көшесі 24.
    •    Басқа мекенжайлар тізімі бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу