KZ
Өскемен
-25°
пасмурно жел 2 м/с, С
517.66 606.49 6.44

Ертең Өскеменде экологиялық сенбілік ұйымдастырылады

Фото: ашық дереккөз

14.04.2023, 16:54 420

«Байтақ» жасылдар партиясы Өскемен қаласы тұрғындарына 15 сәуір, сағат 10.00-де Комсомол аралында жалпықалалық экологиялық сенбілік өтетіні туралы мәлімдейді.

 Бұл бастамаға «Қазақстан жасылдар партиясы «Байтақ» ҚБ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының бас демеушілігімен қатар, Amalaya Project және Panem.kz ұйымдары да қолдау көрсетіп отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 Қоғамдық сенбілік аясында тазалық жұмыстарына белсенді қатысушыларды марапаттар, түрлі сыйлықтар мен сертификаттар күтетіні айтылуда.

  "Барлық тұрғындарды біздің іс-шараға қатысуға шақырамыз. Біз жұмыс үшін қажетті материалдар мен құрал-саймандарды қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар қатысушыларға сусындар мен жеңіл тағамдар ұсынылады. Қаламызды таза әрі салауатты өмір сүретін әдемі орынға айналдырайық" делінген ұйымдастырушылардың баспасөз хабарламасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу