Өскеменде бүгіннен бастап «ONAY!» төлем жүйесі іске қосылады

Бүгіннен бастап Өскемен қаласында қоғамдық көлікте жолақы төлеудің жаңа форматы — «ONAY!» электрондық төлем жүйесі ресми түрде іске қосылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жолаушылар енді жол ақысын мобильді қосымша арқылы төлеу мүмкіндігіне ие болады. «ONAY!» жүйесінде виртуалды карта жасап, оны мобильді қосымшада толтыру арқылы қоғамдық көлікте пластикалық картасыз-ақ жол жүруге болады. Бұл – уақыт пен қаражатты үнемдеуге бағытталған жаңа қадам.
Айта кетейік, «ONAY!» жүйесіне байланысты алдыңғы карталардағы қаражатты қайтару мәселесі туындаған жағдайда тұрғындар Қазақстан көшесі, 154 мекенжайында орналасқан Жолаушылар тасымалын басқару орталығына жүгінуіне болады.
Қосымша ақпарат пен жаңалықтарды @oskemenakimdigi Telegram арнасынан, gov.kz, Instagram және Facebook желілерінен алуға болады.