ONAY! жүйесі енгізілгенге дейін жол жүру ескі карталармен төлене береді

ONAY! жүйесі іске қосылғанға дейін жол ақысын төлеу үшін ескі карталар айналымда қала береді. Жүйе қосылғаннан кейін қаражатты қайтару бойынша өтініштер Қазақстан көшесі 154 мекенжайындағы орталықта қабылданады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сонымен қатар, жолаушылар мобильді қосымша арқылы виртуалды картаны пайдалана алады. Пластикалық картаны сатып алудың қажеті жоқ, себебі онлайн карта толтыру мүмкіндігі бар.
Көлік карталарын заңсыз сатқандарға шара қолданылады
ONAY! жүйесінде карталардың заңсыз сатылуын болдырмау үшін тұрақты мониторинг жүргізілуде. Жұртшылықтың шағымдары негізінде Instagram-дағы @onay_oskemen парақшасы арқылы заң бұзған дистрибьюторлармен екі келісімшарт бұзылған.
Карталарды сатып алу мекенжайлары:
• Шәкәрім даңғылы 171 - Халыққа қызмет көрсету орталығы.
• Қазақстан көшесі 154 - Жолаушылар тасымалын басқару орталығы.
Картаның құны - 800 теңге.
ONAY! қызметінің сапасын жақсарту және тұрғындардың пікірлерін ескеру мақсатында ресми парақшаларда өтініштер қабылданып, жағдай үнемі бақылауда болады. Жүйені қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, тұрғындар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіне алады.