Өскеменде көпір асты жолдар уақытша жабылады

Өскеменде Үлбі өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Спорт сарайы маңындағы, Протазанов көшесіндегі және Мызы — Ворошилов бағыты бойынша орналасқан көпір асты жолдар жабылды.
Бұл шешім азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қалалық қозғалысты реттеу және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қабылданып отыр.
– Қазіргі таңда Үлбі өзеніндегі су деңгейі – 6,20 метр, ал сыни деңгей – 8 метр. Жағдай толық бақылауда, мамандардың қадағалауымен қажетті шаралар атқарылуда.
Уақытша қозғалыс шектеулері жағдай толық тұрақталғанға дейін сақталады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан жоспарланған бағыттарын алдын ала құру, қоғамдық көлік қозғалысын ескеру және балама жолдарды пайдалануды сұраймыз,- делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз