KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
522.38 612.6 6.54

ШҚО-да «Шығыс арғымағы – 2025» атты ат көрмесі өтеді

istockphoto.com

10.04.2025, 12:00 422 Әбішев Ержан

 

Глубокое ауданының әкімдігі мен «Титан» ат спорты клубы «Шығыс арғымағы – 2025» атты ауқымды ат көрмесін өткізеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Көрме 19 сәуір күні сағат 10:00-де Винное ауылында орналасқан «Титан» ат спорты клубының аумағында өткізілмек. Бұл шара қазақтың бай тарихы мен мәдениетін паш ететін айрықша оқиға болмақ.

Аталмыш көрмеде сіздерді концерттер мен қойылымдар, қолөнер жәрмеңкесі, киіз үйлер, тұлпарлардың көрмесі күтеді.

Сонымен қатар педагогтар мен мамандар үшін ат спорты және иппотерапия бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу