KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Глубокое ауданындағы Винное ауылында паралимпиадалық ат спорты бойынша чемпионат өтті

17.09.2024, 12:28 95 Айжанат Бақытқызы

13-14 қыркүйек аралығында «Титан» клубында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ат спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.  

Паралимпиадалық ат спорты – мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған ат спорты. Паралимпиадалық ат спорты жарыстары Винное ауылында 2017 жылдан бері өткізіліп келеді. 

Қазақстанның 5 облысынан келген шабандоздар атқа міну шеберлігінен сынға түсті. Құрамы жағынан ең үлкен команда Шығыс Қазақстандық спортшылар болды.

«Мұнда бүгінде «ерекше» шабандоздарға ат спорты жарыстарына қатысу үшін барлық жағдай жасалған», - деп атап өтті ШҚО ат спорты федерациясының басшысы Екатерина Руденко. 

Халықаралық ат спорты федерациясының ресми сынақтарының нәтижесінде жеңімпаздар анықталды. 

«Жеке сыйлық» тестінде әртүрлі функционалды деңгейлер бойынша жеңімпаздар:

V деңгей – Аманқос Төлешов, Атырау;

IV деңгей – Сұлтан Жасыбай, Ақтөбе;

III деңгей – Айсұлтан Дюсалиев, Атырау;

II деңгей – Елена Шишаева, Өскемен;

I деңгей – Райхан Байырқанова, Өскемен.

Фристайл-сынақта ІІ деңгейде Елена Шишаева, І деңгейде Райхан Байырқанова мен Айғаным Ермекова көш бастады, барлығы да өскемендік шабандоздар.


Фото: Ксения Троеглазова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу