KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, СБ
518.34 591.06 6.27

ШҚО: полиция 1700 сайтты бұғаттады

polisia.kz

10.04.2025, 14:30 209 Әбішев Ержан

Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері 1700 тыйым салынған сайтты бұғаттады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және заңсыз контентпен күресу мақсатында ШҚО полициясы интернет кеңістікті үнемі бақылап отырады. Нәтижесінде 2024 жылы заңсыз ақпарат таратқан 1 770 сайт бұғатталды.

Тыйым салынған сайттар қатарына есірткі заттарын ұсынатын, суицидті насихаттайтын, порнографиялық материалдар жариялаған, сондай-ақ заңсыз онлайн-казино қызметін көрсететін ресурстар енген.

2025 жылы бұл бағыттағы жұмыс күшейтілді. Биылғы алғашқы үш айда ғана 3 000-нан астам сілтеме бұғатталған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу