KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда 6639 интернет-казино бұғатталды

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

5.09.2024, 16:52 90 Айжанат Бақытқызы

Туризм және спорт министрлігі заңсыз лотерея қызметін анықтау және тосқауыл қою бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл жыл басынан бері заңсыз лотерея ұйымдастыратындарға қатысты 103 әкімшілік хаттама толтырылды. Сот талқылауы нәтижесінде 48 жеке тұлға жауапқа тартылып, қалған істерді қарау жалғасып жатыр.

Заңсыз интернет-казинолармен және букмекерлік кеңселермен күрес аясында түрлі ведомстволар Бас прокуратурамен, Қаржы мониторингі агенттігімен және Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, заңсыз қызмет белгілері бар 11 417 интернет-ресурсты анықтады.

Оның ішінде 6 639 ресурс бұғатталды, 1 237-сі өңдеу сатысында, 1 961-і қолжетімсіз, 1 353 ресурста құқық бұзушылық белгілері жоқ, ал 227-сін Мемлекеттік техникалық қызмет пилоттық режимде бұғаттады.

Туризм және спорт министрлігі азаматтардың құқықтарын қорғап, онлайн-қызметтер нарығында тәртіпті қамтамасыз етіп, сондай-ақ аталған саладағы заңсыз қызметтердің мониторингі мен тосқауыл қою бағытында жұмысын жалғастырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу