KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 2,6 м/с, ОШ
471.83 505.66 5.4

Сенбілік жәрмеңкеде Катонқарағай ауданының өнімдері ұсынылады — Өскемен

Фото: Шартты сурет

11.05.2023, 22:44 277

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін қаңтар айынан бастап жәрмеңке тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі «Fresh-Market» сауда-логистикалық орталығының аумағында ұйымдастырылады.
13 мамыр күні аталған сауда-логистикалық орталығының аумағында Катонқарағай ауданының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жәрмеңкеде ауылшаруашылық тауарларын өндіруші кәсіпорындардың өнімі ұсынылады.

Тұрғындар сертификатталған және сапалы тауарларды өндірушілерден тікелей сатып ала алады. Дерекке сәйкес, өнім нарықтық бағадан орта есеппен 15%-ға төмен бағада сатылады.

Ауылшаруашылық тауарларының жәрмеңкесі сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін жалғаспақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив