KZ
Өскемен
+29°
переменная облачность жел 7 м/с, Ю
515.03 584.82 6.24

Шығыс Қазақстанда бірнеше су қоймасы қалпына келтіріледі

15.04.2025, 09:00 211 Әбішев Ержан

Шығыс Қазақстан облысында республикалық меншіктегі бірқатар су шаруашылығы нысандары жаңғыртылады. Бұл шаралар аймақтағы суармалы жерлердің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Еліміздегі су ресурстарының 40 пайызы осы өңірде шоғырланғанымен, 84,6 мың гектар суармалы жердің тек 22 пайызы ғана – яғни, 18,6 мың гектары нақты пайдаланыста. Оның ішінде небәрі 7,2 мың гектар ғана су үнемдеу технологияларымен қамтылған.

Осыған байланысты облыста республикалық меншікке тиесілі апатты жағдайдағы су шаруашылығы нысандары реконструкцияланады. Атап айтқанда, су қоймалары, магистральдық, шаруашылықаралық және ішкішаруашылық арналары қайта қалпына келтіріледі.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, Үйдене, Орта Теректі, Қандысу су қоймаларын қалпына келтіру және Кендірлік өзенінде жаңа су қоймасын салу арқылы 50 мың гектардан астам суармалы жерді айналымға енгізуге болады.

Бұл бастама өңірдегі ауыл шаруашылығын дамытуға серпін беріп, су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік ашпақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу