Өскеменде Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді (видео)

19 сәуір күні сағат 07:00-де Өскемен қаласындағы «Алтай» сауда орталығының аумағында Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығы өнімдеріне арналған жәрмеңке ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеде табиғи, экологиялық таза және сапалы өнімдер тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсынылады. Катонқарағайлық тауар өндірушілер сүт және ет өнімдерін, бал, май, жұмыртқа, көкөністер мен басқа да күнделікті тұтынатын тауарларды сатылымға шығарады.
Оқи отырыңыз