KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
441.8 480.02 4.88

Өскеменге Күршімнен жәрмеңке келеді

фото: qaz-media.kz

21.12.2023, 17:37 129 Қызырбек Дүргінбайұлы

Өскеменге демалыс күні Күршімнен ауылшаруашылық жәрмеңкесі келеді. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі әдеттегідей Сәтбаев даңғылындағы «ТНП» ЖШС аумағында өтеді.

Ауылшаруашылық жәрмеңкесі сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін жалғасады. Онда ауыл шаруашылық өнімдері арзан бағада саудаланып, табиғи өнімдер сатылады.

– Кезекті жәрмеңке демалыс күні «ТНП» СҮ аумағында Күршім ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қала кәсіпкерлерінің қатысуымен өтеді, – деп хабарлады Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі.

Қала тұрғындары тауарларды тікелей ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өздерінен нарықтық бағадан орташа есеппен 15% төмен бағамен сатып ала алады. 

Еске сала кетейік, қала тұрғындары мен қонақтары үшін "Спорт кешені" аялдамасынан жәрмеңке орнына дейін және 15 мин аралықпен қатынайтын маршруттық шағын автобус ұйымдастырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив