Ертең Өскеменде Катонқарағай ауданының жәрмеңкесі өтеді
Әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында 14 қаңтардан бастап апта сайын Fresh Market сауда-логистикалық орталығы аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
23 қыркүйек күні облыс орталығында Катонқарағай ауданының ауыршаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, жәрмеңкеде тұрғындар сертификатталған және сапалы тауарларды бағамен тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өздерінен нарықтық бағадан орта есеппен 15% - ға төмен бағамен сатып алу мүмкіндігі бар.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі сағат 8-00-ден 14-00-ге дейін жалғасады.