KZ
Өскемен
-5°
небольшой снег жел 2 м/с, С
517.66 606.49 6.44

Шығыс Қазақстан колледждерінің студенттері «Еңбек кубогы» спартакиадасында жеңіске жетті

21.04.2025, 11:00 426 Гульжан Мусина

2025 жылғы 15–18 сәуір аралығында Түркістан қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында Республикалық «Еңбек кубогы» спартакиадасы өтті. Аталған жарысқа Шығыс Қазақстан облысынан бірнеше колледждің командалары қатысып, жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыс атынан қатысқан командалар келесі спорт түрлері бойынша бақ сынады:

«Тоғызқұмалақ» – «Өскемен жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК командасы;

«Шахмат» және «Үстел теннисі» – «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ жоғары IT колледжінің командасы;

«Волейбол» (қыздар арасында) – «Қазақстан-Американдық Еркін Университеті» ЖШС жоғары колледжі;

«Волейбол» (ұлдар арасында) – «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК;

«Баскетбол» (ұлдар арасында) – «Көлік және тіршілік қауіпсіздігі колледжі» МЕМ колледжі.

Жарыс қорытындысы бойынша:

«Волейбол» (ұлдар арасында) спорт түрі бойынша І орынды «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» командасы жеңіп алды.

«Тоғызқұмалақ» бойынша ІІ орынды «Өскемен жоғары медицина колледжі» командасы иеленді.

Фото: ШҚО Білім басқармасы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу