Өскеменде Жеңіс даңғылы декоративті жарықпен безендірілді
Өскемен қаласындағы Жеңіс даңғылында декоративті жарықтандыру жүйесі іске қосылды. Қала көркін арттыру және түнгі уақыттағы эстетикалық келбетін жақсарту мақсатында тұрғын үйлердің қасбеттері көркем жарықпен безендірілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аталған жоба қаланың сәулеттік келбетін жаңғырту және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру бағытында жүзеге асырылды. Қасбеттерге орнатылған жарық элементтері заманауи талаптарға сай келіп, түнгі Өскеменге жаңа өң беріп тұр.
Айта кету керек, осындай жұмыстар қаланың тағы бір маңызды көшесі – Сәтпаев даңғылында да жоспарланып отыр.
Оқи отырыңыз


