KZ
Өскемен
-41°
плотный туман жел 1 м/с, С
512.16 594.72 6.57

ШҚО-да найзағайлы жауын болады: ТЖД ескерту жасады

30.04.2025, 08:00 342 Төлеуғазы Жансая

30 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысында ауа райы күрт құбылып, жауын-шашын мен найзағай күтіледі. «Қазгидромет» ШҚО филиалының хабарлауынша, түнде облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Түнгі уақытта найзағай ойнап, күндіз найзағай облыстың оңтүстігі мен шығыс бөлігінде жалғасады.

Солтүстік-батыстан соққан жел түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен, кей кездері екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Күндізгі уақытта жел облыстың орталығы мен оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Сонымен қатар, оңтүстікте өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.

Өскемен қаласында да түнде найзағай болжанып отыр. Жел бағыты – солтүстік-батыс, екпіні 15-20 м/с.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу