KZ
Өскемен
-26°
туман жел 1 м/с, СБ
514.31 603.03 6.4

Бүгін Шығыста тұман мен үсік күтіледі

2.05.2025, 08:00 353 Төлеуғазы Жансая

“Қазгидромет” Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының мәліметінше, 2 мамыр күні түнде және таңертең өңірдің солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Сонымен қатар, осы аумақтарда ауа температурасы төмендеп, түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемен қаласында да топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Ал облыстың оңтүстігі мен солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталып отыр.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.
Кез келген төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу