«Көктем Жеңісі»: Өскеменде Ұлы Жеңіс батырларын ұлықтауға арналған концерттік шеру өтті (видео)
Бүгін Өскеменде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Көктем Жеңісі» атты жылжымалы концерт пен бес батырдың есімі берілген көшелердің мерекесі өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Көктем Жеңісі» керуенінің алғашқы аялдамасы – Әлия Молдағұлова көшесінен басталды. Бұл жерде қала тұрғындары мен қонақтары концерттік қойылымды тамашалады.
Керуен Энтузиастов және Ізғұтты Айтықов көшелерімен жүріп өтіп, батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Қала тұрғындары мен оқушылар батырдың рухына тағзым етіп, ерлігін бір минут үнсіздікпен еске алды.
Мерекелік автошеру Самар тас жолы, Рейша, Қазыбек би, Есенберлин, Өтепов, Сәтпаев даңғылы арқылы жүріп, Ертіс көпірінен өтіп, Желтоқсан, Новаторов және Мызы көшелерімен жалғасты.
Шерудің соңғы кезеңі Сағадат Нұрмағамбетов, Қасым Қайсенов және Төлеген Тоқтаров көшелерінің қиылысындағы Арбат алаңында өтті.
Бұл күні қала жұртшылығы концерт тамашалап қана қоймай, Кеңес Одағының Батырларының есімдерін тағы бір мәрте еске алып, олардың ерлігін ұлықтады.
Фото: Екатерина Сёмина









