KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Алтай ауданының тұрғындары майдангерлер рухына тағзым етті

Алтай ауданы әкімдігінен
Алтай ауданы әкімдігінен
9.05.2024, 14:00 72 Назерке Каримова

9 мамыр - Жеңіс күні  Алтай қаласындағы Даңқ монументіне гүл шоқтары мен веноктарды қою рәсімі өтті.

Қала тұрғындары жерлестерінің есімдері жазылған мемориалдық тақталарға гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Аудан әкімі Ренат Қурмамбаев қала тұрғындары мен қонақтарын Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.

- Біздің болашағымыз үшін жанын қиған батырлардың есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Біз өз өмірлерін аямай, болашақ ұрпақ үшін бостандық пен бақытқа қол жеткізгендерді ешқашан ұмытпаймыз, - деді аудан әкімі.


Жеңіс саябағында майданда жауынгерлерге көмектесіп, қолдау көрсеткен, тылда еңбек еткен әйелдерге, аналар мен балаларға үміт сыйлаған соғыс жылдарындағы әйгілі әндер шырқалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив