ШҚО өртке қарсы техникамен толық қамтамасыз етіледі
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Шығыс Қазақстан облысына сапары аясында өңірдегі орман шаруашылықтары мен табиғат қорғау мекемелерінің басшыларымен кездесті.
Жиын барысында министр биыл Шығыс Қазақстан облысы өртке қарсы техникаға қатысты сұраныс бойынша толық қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.
— Техниканы ұқыпты ұстап, күтіп баптаңыздар. Қазір орман шаруашылықтарына мемлекет бойынша техника жеткізіліп жатыр. Тек техника сатып алуға 60 миллиард теңге бөлінді. Бұдан бөлек, 28 миллиард – ерте анықтау жүйесіне, 21 миллиард – тәлімбақтарға жұмсалуда. Жалпы алғанда, 100 миллиард теңгеден астам қаржы бюджеттен тыс көздерден бағытталды. Сондықтан биыл барлық сұраныстар толық қанағаттандырылады. Сіздерден тек жедел қимылдау қажет, – деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.
Ерлан Нұраәліұлы өрт қауіпсіздігі мәселесін қозғап, бұл бағытта жедел әрекет етудің маңыздылығын атап өтті.
Фото: Жәнібек Ырысбай
Оқи отырыңыз
Экология министрі ШҚО-дағы орман шаруашылығының қызметін тексердіЕрлан Нысанбаев: экологияға деген көзқарас өзгерді (видео)Қазақстандағы орман өрттерін жасанды интеллект анықтайдыҮкіметте өртке қарсы дайындық шаралары пысықталып жатырОрман шаруашылығы техникасын жаңартуға 68 млрд теңге бөлініп отыр – министр




