KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Қазақстандағы орман өрттерін жасанды интеллект анықтайды

Фото: pixabay

12.02.2024, 16:49 140

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мәжілістегі Үкімет сағатында Қазақстанда орман өрттерін ерте анықтау жүйесін енгізу туралы айтты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Министр атап өткендей, орман шаруашылығында цифрландыруды енгізу арқылы орман өрттерін ерте анықтау жобасын Президент жанындағы цифрландыру жөніндегі комиссия мақұлдады.

- Жасанды интеллектіні пайдалана отырып, бағдарламалық қамтамасыз етуге тиісті техникалық тапсырма әзірленді. Жоба аясында әртүрлі көздерден деректерді топтастыру арқылы еліміздің орман алқаптарының аумағында өрттерді ерте анықтау және тез шешім қабылдау, мониторинг жүргізудің бірыңғай Ахуалдық орталығын құру жоспарлануда, - деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.

Оның айтуынша, өрттерді радиусы 30 км-ге дейінгі арнайы бейнебақылау камералары анықтайды.

- Өткен жылы бұл жүйе «Ертіс орманы» қорығы мен «Көкшетау» ұлттық паркіне енгізілді. Осындай жүйелер «Бурабай» ұлттық паркінде, «Медеу» табиғи паркінде де бар. «Бурабай» ұлттық паркінде енгізілген жүйе өзінің тиімділігін көрсетті. Мысалы, мұнда бұрын орман өрттерінің орташа ауданы 80 гектарды құраса, жүйе енгізілгеннен кейін ол 1,5 гектарға дейін қысқарды, - деді министр.


 

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив