KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Орман шаруашылығы техникасын жаңартуға 68 млрд теңге бөлініп отыр – министр

Фото: Тілеубек Шаяхмет
Фото: Тілеубек Шаяхмет
11.12.2023, 20:21 268 Нұржан Кенжеұлы

ШҚО-да жұмыс сапарымен жүрген Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жергілікті орманшылармен кездесіп, аталмыш салаға қатысты мәселелерді талқылады.

 

Сәрсен Аманжолов Университетінде ұйымдастырылған жиынға өңірдің орман шаруашылығы, туризм салаларында еңбек етіп жүрген бір топ азамат қатысып, проблемаларымен бөлісіп, ой-пікірлерін ортаға салды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

– Бүгін Шығыстағы орман шаруашылығы мамандарының басын қосып, біраз мәселені сөз еттік. Жалпы, Шығыс Қазақстанға келіп тұрып, осы бір сала мамандарымен кездеспеу әбестік болар еді. Себебі, орман қоры жағынан сіздердің өңір еліміздегі көшбасшы аймақ саналады. Қазіргі уақытта республикадағы орман алқаптарының 48 пайызы дәл осы Шығыс Қазақстанда орналасқан. Әрине, облыста бұл салаға қатысты мәселе де аз емес. Жиын барысында біз саланың басы-қасында жүрген азаматтармен кездесіп, осы бір проблемаларды шешудің жолын бірге қарастырдық. Өткір сұрақтар қойылды, келелі мәселелер көтерілді. Мәселен, өңірдің орман шаруашылығы саласында техника жетіспеушілігі айқын сезіліп тұр екен, – деді Ерлан Нысанбаев.

 

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде орман шаруашылығы саласының техникамен қамтылу көрсеткіші 68 пайыз шамасында болса, оның 60 пайызын ескірген көліктер құрайтын көрінеді. Тіптен, кей орман шаруашылықтарында өткен ғасырдың 70-ші жылдарында шыққан өрт сөндіру автокөліктері бар екен.

 

– Осыған байланысты, Үкімет тарапынан кешенді жоспар қабылданып, еліміздегі орман шаруашылығы техникасының паркін жаңартуға 68,4 миллиард теңге бөлінуде, – деді министр.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив