KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

Өскеменде «ЕСІҢДЕ БОЛСЫН, АДАМЗАТ!..» атты мерекелік концерт өтеді

6.05.2025, 14:00 417 Гульжан Мусина

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік шара аясында 8 мамыр күні сағат 18:00-де Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрында «ЕСІҢДЕ БОЛСЫН, АДАМЗАТ!..» атты мерекелік концерт өтеді, – деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Кештің мазмұны соғыс жылдарындағы батырлық пен ерлікке тағзым ретінде ұйымдастырылып отыр. Концертке театр әртістері мен Өскемендегі «АРАБЕСК» және «ПИРУЭТ» би ұжымдары қатысады. Көрермендер сол жылдардың аңызға айналған әндерін тыңдап қана қоймай, сахнада алғаш рет шырқалатын жаңа авторлық композицияларға да куә болады.

– Бұл кеш – тек музыкалық бағдарлама ғана емес, Ұлы Жеңіске деген құрметтің көрінісі. Ән мен бидің тілінде өткенге тағзым етіп, бүгінгі ұрпақтың алғысын жеткізуге бағытталған рухани шара болмақ, – дейді ұйымдастырушылар.

Мерекелік концертке кіру тегін. Ұйымдастырушылар Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарын Жеңіс рухын сезінуге шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу