KZ
Өскемен
-2°
снег жел 4 м/с, Ю
519.61 610.13 6.54

Өскеменде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шаралар өтеді

6.05.2025, 08:00 1 371 Төлеуғазы Жансая

Өскемен қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын 7-8 мамыр күндері өтетін Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шараларға қатысуға шақырады, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

7 мамыр күні:

Мереке 11:00-де Сол жағалаудағы әскери кешенде өтетін мерекелік концертпен басталады. Сағат 12:30-да батырларымызға тағзым ретінде Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, дәл осы күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың тікелей көрсетілімі екі нүктеде ұсынылады:

Сол жағалаудағы әскери кешен;

Спорт сарайының жанындағы LED экран.

8 мамыр күні:

Кешкі сағат 19:00-де Республика алаңында орналасқан Орталық киіз үйде көркем фильмнің ашық көрсетілімі өтеді.

Ұйымдастырушылар өскемендіктерді ел қорғаны болған батырлардың ерлігін бірге еске алып, тағзым етуге шақырады.

Фото: Жібек Нұрахмет

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу