KZ
Өскемен
-15°
туман Штиль
503.35 590.63 6.62

Сарбаздарға жазылған хаттар – жүректен шыққан құрмет

7.05.2025, 16:00 419 Айна Бакимбаева

Еліміздің тыныштығын күзетіп жүрген сарбаздарға қолдау көрсету үшін Катонқарағай ауданының мектеп оқушылары ерекше шараға қатысты. Олар республика бойынша ұйымдастырылған «Сарбазға хат» атты патриоттық челлендж аясында әскердегі жігіттерге хат жазып, жылы тілектерін жолдады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аудан бойынша барлық мектептің оқушылары бұл бастамаға үн қосты. Олар сарбаздарға арнап өз ойларын, тілек-сөздерін жазып, кейбірі суреттерін немесе қолдан жасаған ашық хаттарын да қоса салды. Барлық хаттар жинақталып, әдемі конверттерге салынып, арнайы әскери бөлімдерге жіберілді.

– Бұл шараның мақсаты – жас сарбаздарға рухани қолдау көрсету, оқушылардың бойына патриоттық сезім ұялату, әскери қызметке деген құрметті арттыру. Балалар шын жүректен жазып, сарбаздарға өз батасын берді, – дейді Катонқарағай аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлнар Мақұлбекқызы.

Белсенділік танытқан оқушылар мен сыныптар алғыс хаттармен марапатталып, бұл шара жайлы фото мен бейнематериалдар әлеуметтік желілерде жарияланды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу