Сарбаздар психологиялық тренингке қатысты – Өскемен
Фото: Шығыс өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Өскемен қаласындағы Ұлттық ұланның 6699 әскери бөлімінде психологиялық тренинг өтті.
Психодиагностика аптасының аясында Қазақстан-Америка еркін университетінің психология мамандығының 2-курс студенттері мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздарға тренинг өткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Психологиялық қолдау тренингінің аясында қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерін күзететін сарбаздарға қажетті көмек көрсетілген.
Шараны ұйымдастырушылар сарбаздарға міндеттен уақытша алыстап, миын тынықтыруға мүмкіндік беруді көздейді.
– Студенттер мен сарбаздар сұхбаттасып, достық пен жолдастықты нығайтатын қызықты челлендж өткізді. Тренинг барысында сарбаздарымыз өзге қабілеттерін көрсетіп, өнер көрсетіп жатты. Бөлім психологы және ҚАЕУ ұжымының бұл бастамасына сарбаздар дән риза болып, алғыс білдірді, – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз