ШҚО-да репродуктивті денсаулық апталығы басталды
Махаббат Ахметжанова
Репродуктивті денсаулық апталығы аясында маусымның 24-і мен 30-ы аралығында еліміздің емханаларында, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысындағы медицина мекемелерінде ашық есік күндері өткізілетін болады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Апталықтың басты мақсаты – репродуктивті денсаулықты сақтаудың маңызы туралы халықты жан-жақты ақпараттандыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Апталық аясында ерте жүктілік, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы және отбасын жоспарлау, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу және тағы да басқа маңызды тақырыптар бойынша мамандар кеңес береді.