ШҚО ауруханаларында ашық есік күндері өтіп жатыр (видео)
Шығыс Қазақстан облысының ауруханаларында репродуктивті денсаулықты қолдауға арналған ашық есік күндері өтіп жатыр.
Бастама аясында мамандар жас отбасыларға жүктілікті жоспарлау, дені сау ұрпақты өмірге әкелу және салуатты өмір салтын сақтау бойынша тегін кеңес беруде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ашық есік күндері аясында гинекологтар, эндокринологтар, урологтар мен психологтар отбасын жоспарлау, болашақ ата-аналардың денсаулығы және жүктілікке дайындық туралы барлық сұрақтарға жауап беруде.
Ашық есік күні қарсаңында тұрғындарға мамандар репродуктивті денсаулықтың барлық аспектілері туралы кеңес беріп, жастар үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор екенін айтты. Сондай-ақ, болашақ нәрестенің денсаулығына әсер етуі мүмкін аурулардың алдын алу және емдеу туралы да кеңес берілуде.
Сонымен қатар ауруханалар болашақ ата-аналарды қолдау бағдарламаларын ұсынып, лекциялар мен семинарлар да өткізуді жалғастыруда. Мұндай бағдарламалар жастарды ата-ана болуға дайындауға және жүктілік пен босануға байланысты тәуекелдерді азайтуға көмектеседі.
Айта кетейік, ашық есік апталығы 28 маусымға дейін жалғасады. Бақытты отбасын құрып, дені сау ұрпақты өмірге әкелемін деген жастардың бұл шараға қатысуының маңызы зор екенін білген жөн.