Қазақстанда ірі қара малдың бұқаларын экспорттауға уақытша тыйым салынды

2025 жылғы 25 сәуірде Сыртқы сауда қызметі және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия елімізден ірі қара малдың бұқаларын шетелге шығаруға үш ай мерзімге тыйым салу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл шектеу 2025 жылғы 15 мамырдан бастап күшіне енді. Тиісті бірлескен бұйрыққа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қаржы министрлігі 14 мамырда қол қойған.
Аталған шара ішкі нарықта ет өнімдерінің тапшылығын болдырмау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отандық өңдеуші кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында қолға алынды.
Министрлік мәліметінше, уақытша шектеу мал шаруашылығы саласындағы тепе-теңдікті сақтауға және бағаның негізсіз өсуінің алдын алуға бағытталған.