Тері мен жүн экспортынан баж салығы алынып тасталды
pexels.com
Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларының тері мен жүнін шетелге экспорттауға салынатын кедендік баж салығы жойылды. Бұл шешімді 2025 жылғы 16 сәуірде Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сарапшылардың айтуынша, елде өндірілетін тері мен жүн көлемі айтарлықтай болғанымен, олардың ішкі нарықтағы сұранысы төмен. Бұл өңдеу саласының толық жүктелмеуіне және бағалы шикізаттың ысырап болуына алып келуде.
Ауыл шаруашылығы өндірушілерін ынталандыру мақсатында, өңдеуге өткізілген тері мен жүн үшін субсидия беру тетіктері қарастырылуда. Бұл, өз кезегінде, өңдеу кәсіпорындарының жұмысын жандандыруға мүмкіндік береді.
Экспорттық баж салығының бұрынғы мөлшері:
Ірі және ұсақ мал терілері — тоннасына 200 еуро;
Жүн — 10%, бірақ тоннасына кемінде 50 еуро.