KZ
Өскемен
+29°
ясно жел 3 м/с, С
512.44 593.15 6.52

Жол жөнделеді, жарық орнатылады – әкім нақты уәде берді (видео)

16.05.2025, 20:05 2 192 Арайлым Орсаринова

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов Сол жағалау тұрғындарымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты – халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелерді талқылап, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдау, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Кездесу барысында тұрғындар жолдардың жағдайы, көше жарығы, жеке сектордағы үйлердің жылыту жүйесі және қоқыс шығару мәселелерін көтерді. Қала әкімі көтерілген әр мәселе бойынша жеке тоқталып, кейбірінің шешімі жақын арада қолға алынатынын жеткізді.

– Мемлекет тарапынан барлық шағынаудандарға бірдей көңіл бөлініп, тиісті жағдай жасалады. Жуық арада бұл аумақта жолдар ретке келтіріліп, шұңқырларды жамау жұмыстары басталады. Бір көшеге асфальт төселеді, тоғыз көшеге жарық орнатамыз. Сонымен қатар, жазғы маусымға арналған балалар ойын алаңын қай жерге салу керектігі күзге дейін шешіледі, – деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов.

Әкім кездесуде айтылған мәселелердің рет-ретімен шешілетінін айтып, жауапты бөлім басшылары мен құзырлы мекемелерге нақты тапсырмалар берді.

Фото: Жібек Нұрахмет

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу