KZ
Өскемен
-7°
снег жел 3 м/с, ОБ
519.28 540.05 5.31

Тұрғыннан сұрақ, әкімнен жауап: "Шмелев Логтың инфрақұрылымы кезең-кезеңімен шешілмек"

Кеше, 18:40 78 Төлеуғазы Жансая

 

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов қала маңындағы Шмелев Лог кентінің тұрғындарымен кездесіп, тұрғындардың көкейкесті мәселелерін тыңдады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Кент тұрғындары үшін басты мәселелердің бірі – жол бойындағы су өткізу жүйесінің жоқтығы және қалаға баратын қоғамдық көліктің тапшылығы. Олардың айтуынша, қала орталығына немесе базарларға жету қиын, сондықтан Шмелев Лог – Жібек Жолы көшесі бағытында қосымша автобус жүргізу мәселесін қарастыруды сұрады. Бұл бағытта көтерме-тарату орталығы орналасқандықтан, тұрғындар үшін өте ыңғайлы болар еді. Қала әкімі бұл мәселені бағыттың рентабельділігі тұрғысынан зерттеуді тапсырды.

Кездесуде көшелерді жарықтандыру, балалар ойын алаңын салу және жолдарды асфальттау мәселелері де айтылды. Әкім барлық өтініштердің қаралып, кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

– Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында су өткізу жүйесі міндетті түрде қарастырылады. Сонымен қатар, алдымен мектепке, емханаға және балабақшаға апаратын көшелерге тас төсеу жұмыстары жүргізіледі. Асфальттау жұмыстары бюджет мүмкіндіктеріне қарай кезең-кезеңімен қарастырылады, – деді Алмат Ақышов.

Алмат Талғатұлы тұрғындарды жүргізіліп жатқан жұмыстарға бей-жай қарамай, олардың сапасын бақылауға шақырды.

– Бұл, ең алдымен, сіздер үшін қажет. Қала үлкен, әкімдік барлық мәселелерді бірден шеше алмайды. Әрине, орындалған жұмыстың сапасына жауап береміз, бірақ сіздер де бұл процесті жіті қадағалауларыңыз қажет, – деді ол.

Балалар ойын алаңын салу үшін алдымен тиісті орынды анықтау қажет. Себебі елді мекендегі бос жерлердің басым бөлігі жеке меншікке тиесілі. Әкімдік жер иелерімен келіссөздер жүргізіп, бұл мәселені шешу жолдарын қарастырады.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Рилс: Екатерина Скударнова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу