KZ
Өскемен
-4°
небольшой снег жел 3 м/с, ОШ
503.35 590.63 6.62

Шығыс Қазақстанға келген туристер саны 16,5%-ға артты (видео)

20.05.2025, 12:05 391 Айна Бакимбаева

Өткен жылы Шығыс Қазақстанға 428 мыңға жуық турист келген. Оның ішінде 410 мыңы – ішкі туристер. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 16,5%-ға артқан. Ал шетелден келген туристер саны 18 мыңды құрады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Досжан Болатбек мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

Оның айтуынша, салаға салынған инвестиция көлемі 15 млрд теңгеге жетіп, 8,6%-ға артқан. Бес ірі туристік нысан іске қосылып, орналастыру орындарының сыйымдылығы 500 орынға ұлғайды. Туристерге көрсетілген қызмет көлемі 8 млрд теңгені құрап, бұл да 2023 жылмен салыстырғанда 34,4%-ға көбейген.

Инфрақұрылым – негізгі тірек

Туризмнің дамуы тікелей жол, көлік және санитарлық инфрақұрылыммен байланысты. 2024 жылы облыста 600 шақырым жол жөнделсе, соның 121 шақырымы туристік бағыттарды қамтыған. Биыл тағы 721 шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Бұқтырма су қоймасына салынған көпір құрылысы аяқталып, алты аудан арасындағы байланысты нығайтты.
Жол бойындағы санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсарту да қолға алынған. Былтыр алты ауданда жол бойында  әжетханалар орнатылса, биыл республикалық жол бойына тағы алтауын салу жоспарланған. 

Биыл Катонқарағай мен Зайсанда жаңа әуежайлар салу жұмысы басталды. Жыл соңына дейін аяқталатын бұл жобалар өңірге туристер ағынын арттыруға ықпал етпек.

Туризм саласы бүгінде «Қазақтуризм» ұсынған «4E: Eco, Ethno, Event & Entertainment» тұжырымдамасы негізінде дамуда. Шығыста әсіресе экотуризм мен этнотуризм белсенді. Былтыр Ұлан ауданында «Altai Fest 2024» треккинг фестивалі мен «Шығыс салбурыны» бүркітшілер мерекесі өтіп, үлкен қызығушылық тудырды. Биыл Самар ауданында сәтті өткен балық аулау фестивалінен кейін жазда Катонқарағайда халықаралық рафтинг фестивалі, ал күзде дәстүрлі «Шығыс салбурыны 2025» мерекесін өткізу жоспарланған. Бұл іс-шараларды Дүниежүзілік туристік ұйым күнтізбесіне енгізу мәселесі де қаралып жатыр.

– Аудандардағы туризм бастамаларын қолдау үшін қаржыландыру маңызды. Былтыр «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 467,6 млн теңгеге 27 жоба қаржыландырылса, биыл бұл мақсатқа 1,5 млрд теңге бөлініп отыр, – деді Досжан Болатбекұлы.

Фото: Екатерина Семина

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу