Тәртіп сақшыларының отбасылары сайысқа түсті (видео)
ҚР ІІМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай «Анам, әкем, мен – тату отбасым» атты жанұялық спорттық шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Атаулы шара отбасылық құндылықтарды нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері балаларымен бірге түрлі эстафеталық ойындарға қатысып, бір шаңырақ астында ұйымшылдық пен сергектіктің үлгісін көрсетті.
«Бала күлсе, бақыт құлағын түреді» дегендей, «Анам, әкем, мен – тату отбасым» атты спорттық ойындар жарыстан бұрын бүлдіршіндердің қуанышына айналды.
Фото: Екатерина Семина














