KZ
Өскемен
-17°
плотный туман жел 2 м/с, СБ
510.18 601.91 6.51

Трассада макеттер пайда болды

28.05.2025, 18:30 236 Айна Бакимбаева

Бұл макеттер жол жиегіне ауыл шаруашылығы және жабайы жануарлардың қақтығысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қойылуда, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Биыл жануарлармен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «ҚАЗжсервис» ЖШС-нің Шығыс Қазақстан облыстық филиалы бұлан мен жылқының макеттерін сатып алған. Бұл имитациялар жүргізушілердің назарын аударып, жабайы және үй жануарларымен қақтығысу мүмкіндігі туралы ескертуге тиіс.

Макеттер келесі трассаларда орнатылады:

Бұлан макеттері:
    •    Өскемен – Риддер – РФ шекарасы (27, 92 шақырым);
    •    Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары (59, 402 шақырым).

Жылқы макеттері:
    •    Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары (17, 49, 214 шақырым);
    •    Өскемен – Семей (37 шақырым);
    •    Омбы – Майқапшағай – Қалжыр – Марқакөл (32, 63 шақырым).

Айта кетейік, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, бұлан макеттері республикалық маңызы бар Өскемен – Риддер – РФ шекарасы автожолына орнатылған.

Елизавета Седых

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу