KZ
Өскемен
-8°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
505.53 593.44 6.34

Филиал басшысы сотталды

Фото: видеодан скриншот

28.05.2025, 19:00 277 Жанаргүл Көкенайқызы

«Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау» ММ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы сотталды, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласының № 2 сотымен «Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау» ММ облыстық филиалының басшысы С. Станбековке қатысты үкім жарияланды.

Ол қала тұрғынын филиалға жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,7 млн теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу